Бір жігіттің оқуы аяқталып, алған білімін енді өмірде тәжірибе жасай бастайды. Бір күні ұстазы: «Пәлен деген жерде пәленше деген патша бар. Ол күн сайын таңғы намаздан соң бақшасына серуендеуге шығады. Сол сәтте ол өзіне келіп қажетін сұраған адамның қалағанын береді» – дейді. Жігіт ұстазының айтқандарын орындайды. Патша: «Қош келдің, жігітім! Бірнәрсе сұрауға келген сияқтысың ғой, сен қысылма, қалағаныңды сұра, беремін» дейді. Мұны естіген жігіт таңданып: «Қалағаныңды» дейді.. не сұрасам екен, осы уақытқа дейін жоқшылықтың дәмін татып келем…ақша сұрайын, әлде үй ме, әлде алтын сұрасам ба екен?» деп ішкі ойымен арпалыса кетеді. Осы уақытта жігітке мұқият қарап тұрған патша: «Байқаймын, не сұрарыңды білмей тұрған сияқтысың. Жақсылап ойлан, әлден уақыттан соң қайта келем, сонда шешіміңді айтарсың» деп кетіп қалады. Патшаның бұл сөздері жігітті одан сайын ынтықтыра түседі: «Ақыры қалағанымды сұрай алады екенмін, неге мына сарайды сұрамасқа, сонда өмір бойы қиналмай байлық пен баршылықта өмір сүрер едім, иә, сөйтейін», – дейді. Бұл ойын патшаға айтады. Сонда патша жерге тізерлеп отыра кетіп: «Я, Раббым, менің тілегімді қабыл еткеніңе мың да бір шүкір! Енді мен азатпын, мына қапастан құтылатын болдым!» деп қуанады. Жігіт таңырқап: «Патшаның қуанғанына қарағанда, бұл байлық оған ешқандай да қуаныш сыйламаған ғой, ол құтылғысы келген байлықты мен неғылмақпын?» деп есін жиғандай болады. Патшаға: «Кешіріңіз, мен… нәпсіме ерік бердім, маған ештеңе де керек емес. Барлығын да түсіндім. Көзімді ашқан Жаратушыма алғыс айтамын» деп өз еліне қайтады. Болған жайды ұстазына айтқанда ол: «Сен үлкен сынақтан өттің, нәпсіңді жеңе білдің. Енді сені ешкім де, ешнәрсе де құлы ете алмайды» – деп жауап береді. #omirlik

Теги других блогов: оқу білім тәжірибе